Бүгін Қордай ауданында Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына енгізілген әскери міндеттілермен кездесу болып өтті.
Жиынға Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы Жасөркен Жақсылық, бас маманы Ержан Тоғызақов, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл, аудандық Қорғаныс істері бөлімінің басшысы Нұржан Мелдебеков, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары және аудандағы әскери міндеттілер қатысты.
Әскери міндеттілерге аумақтық қорғаныс әскерлерінің ерекше кезеңдегі негізгі тапсырмаларының бірі - аудандағы маңызды нысандарды қорғау және күзету екендігі жеткізіліп, осы мақсатта ағымдағы жылдың шілде айында Қордай ауданында облыстық әскери оқу жаттығу өтетіндігі айтылды.
Еске сала кетейік, оқу-жаттығудың мақсаттары төмендегідей:
1) аумақтық қорғаныс ротасын бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру кезінде лауазымды тұлғалардың өз функционалдық міндеттерін дұрыс түсінуі мен толық білуіне қол жеткізу, запастағы шақыру құрамын қабылдау және бөлу мәселесін дәйектеу, жұмылдыру ресурстарын жеткізу мәселесі бойынша қорғаныс істері жөніндегі жасақтаушы бөлімдермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
2) аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен, кұресті ұйымдастыру бойынша тәжірибе беріп, дағдыларын жетілдіру;
3) аумақтық қорғаныс бөлімшелерін жұмылдыру жұмыстарының қолайлы әдістерін зерделеу және анықтау, АҚ бөлімшелерінің берілген әскери тыпсырмаларды орындау болып табылады.