Жақында Қарағанды қаласының 5451 әскери бөлімінде Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды, Ақмола және Қостанайоблыстарының бөлімшелері арасында«Орталық» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың Кубогіне арналғанқоян-қолтық ұрыстан чемпионат басталды.
- Жарысқа әскери қызметшілердің барлық санаттары, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сондай-ақ 55-тен 87 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ дәрежесіндегі әскери бөлімнің сарбаздары қатысады. Іріктеу туры үш күнге созылады. Үздік спортшылар 4 наурызда финалда жекпе-жек өткізеді. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы тарапынан және өз атымнанспортшыларға сәттілік тілеймін, - деді жарыстың бас төрешісі-шаңғы жарысы мен биатлоннан Президенттік көпсайыстан спорт шеберінің кандидаты, "Орталық" өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы полковник Александр Апасов.
Жарыстың мақсаты – спорт арқылы әскери ұжымды біріктіру, олардың физикалық және моральдық қасиеттерін дамыту және өңірлік қолбасшылықтың үздік жауынгері атағына үміткерлерді анықтау болып табылады, сонымен қатар жеңімпаздар ағымдағы жылдың сәуір айында Шымкент қаласында өтетін қоян-қолтық ұрысыбойынша республикалық жарыста өз өңірін ұсынатын болады.