Әскерилер арасында «Әскер барысы» турнирі өтті

Әскерилер арасында «Әскер барысы» турнирі өтті

     Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы» турнирі өтті.  Кіл мықтының ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұлан атынан 30-дан астам палуан бағын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы, кіші сержант Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды. Екінші орын кіші сержант Әділ Оразбаевқа бұйырды. Жеңімпаздар үштігін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, аға лейтенант Талғат Әмренов тұйықтады. – Жеңіс оңай болған жоқ, өйткені барлық қарсыластар мықты дайындық пен кәсіби шеберлігін көрсетті, — деді марапаттау рәсімінен кейін кіші сержант Ерасыл Қажыбаев. Турнир жеңімпазы және екінші орын алған финалист «Қазақстан барысы» ұлттық күресінен республикалық турнирге қатысуға жаолдама алды. Ерасыл Қажыбаев 2018 және 2019 жылдары екі рет осы беделді республикалық жарыстың күміс жүлдегері атанған-ды

Ермек САХАРИЕВ
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591