Әскерилерге қолдау бар, жапа шеккен халыққа түк те жоқ

Әскерилерге   қолдау бар,  жапа шеккен   халыққа   түк те жоқ

Тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Алайда жазықсыз жапа шегіп, оққа ұшқан халық жайлы ләм-мим демеді. 

Министр тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақы төлеу мәселесіне тоқталды. «Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176