«Асыл жүрек» ардагерлерге арналған

 «Асыл жүрек»  ардагерлерге арналған

Шымкенттегі әлеуметтік-медициналық «Асыл жүрек» орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық екі ауысымда жұмыс істесе, бір ауысымның өзінде 80 адамға дейін қызмет көрсетеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы зейнеткерлерді сауықтыруға арналған осы орталықтың жұмысымен арнайы барып танысты. Онда қызмет алушылармен тілдесіп, «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады.

Мемлекет тарапынан ардагерлерге әрқашан қамқорлық көрсетіліп келетінін және көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстар Президенттің мемлекеттік саясатындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл жерде күн тәртібі зейнеткерлерді дәрігерлік тексеруден басталады. Қарттарға қызмет көрсету үшін жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көп функционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды.

Орталықта жыл басынан бері 235 зейнеткер екі ай көлемінде арнаулы әлеуметтік қызмет алды. Алдағы уақытта орталықтың қала аудандарында бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Шымкент қаласы бойынша қазір 82351 зейнеткер бар. Оның 12-сі ҰОС ардагері, тыл еңбеккерлері – 2848.

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5583
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5731
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20701
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19331
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22796