Ат үстіндегі бала батырлар

Ат үстіндегі бала батырлар

Бүгінгі әңгіме еткелі отырғаным нағыз батыр бала. 3 жасар сәби арыққа құлап кетіп, тұншығып бара жатты. Енді бір қас қағым сәтте шырқырап жылап жатқан сәбиден айырылып қалу қаупі бар болатын.

Алла Тағаламның құдіретіне, мейір-шапағатына ештеңе жетпейді ғой. Жақын жерде 8-сынып оқушысы Нұргелді деген салт атты батыр бала желе жортып кетіп бара жатқан. Ауылдың баласына тән саққұлақтықпен сәбидің тұншыға шырылдап жатқанын естіп қалады. Бейне мұны көмекке шақырғандай ма? Асқан қағілездікпен, шалт қимылмен тұлпарының басын сәби дауысы шығып жатқан тұсқа бұрды да, «шүу, жануарым!» деп тебініп қалды. Шіркін, аттан өткен сезімтал жануар бар ма екен? Бірден жұлқына тұяқтарын қадай басып, сәби жаққа қарай жүйткіді. Әп-сәтте жетіп келіп, қараса... Нұргелді батпаққа тұншығып жатқан сәбиді көрді. Аузы-басы батпақ-батпақ сәби қақалып-шашалып оның көз алдында жан бергелі жатыр! Ойлануға уақыт жоқ. Ол сәбиді көз ілеспес жылдамдықпен іліп алып кетті. Сәбидің «уф!» деген дыбысы естілді. Нұргелді батыр тұншыққан сәбидің аузы-басын тазалады...

Сәби аман қалды! Жарты сағаттың ішінде ол батырың әке-шешесінің құшағында сықылықтай күліп, мәз болып отырды. Бұл оқиға Түркістан облысы Жамбыл ауданында болған. Бұл оқиға нені дәлелдейді? Қазақ пен ат. Жабайы атты тізгіндеп алғаш рет дәргейіне бағындырған қазақ екендігі ресми түрде дәлелденді. Көшпенді қазақты, кезінде Еуропа, орыс дейсің бе, тізе бүктірген қазақты атсыз, тұлпарсыз көзге елестету қиын. Еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін ат үстінде ойнақ салған қазақты орыс империясы қалай бағындырған десеңші! Оның тұлпарын тартып алды. Себебі қазақ атқа мінгенде рухтанып кететін болған. Ондай кезде оны ешқандай жау ала алмаған. Естуімізше, зұлым қызыл орыстар миллиондаған қылқұйрықтарды пулеметпен қырған деседі. Тұлпарынан айырылған қазақ рухынан айырылып қалды. Содан бері қаншама рет империяға қарсы бас көтергенмен, жеңілістен көз ашпады.

Есіңізде ме, көк туды көтеріп биліктің бастауымен челендж жасағанымыз? Кең даланы дүбірлете шапқан жігіттер қалай рухтанды десеңізші! Үйде отырып біз рухтандық, делебеміз қозды. Яғни біз қалада болсын, далада болсын, қарадомалақтарымызды атқа мінгізіп тәрбиелеуіміз керек-ау. Сонда қазаққа рух, жігер оралар еді деп ойлаймын. Атқа міну рухты ғана емес, зор денсаулықты да береді. Балаларымыз неше түрлі аурулардан айығады. Ендеше, не тұрыс, алдымен тұлпарымызды көбейтіп, оны баптайық. Балаларымызды бір уақыт атқа мінгізейік. Қазақ, атқа мін! Рухтан! Атқа мінген, рухтанған Нұргелді сияқты бала батырлар көбейсін! Сөйтіп, Әділетті Қазақстанды орнатайық! 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8871
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8266
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11494
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10477