Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген халықпыз. Ойық ауылы – бірлігі жарасқан ауыл. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын ойықтықтар «Ішімдіксіз, бұзақылықсыз, отбасы берік, үлгілі ауыл боламыз» деп бәтуа жасаған. Олардың бұл бастамасын аудан жұртшылығы мақұлдады. Қазіргі таңда аудандағы жеті елді мекенде ішімдік атаулы сатылмайды. Ұрлық-қарлық тыйылған. Енді міне, осы жылдың басында ауыл халқы, оның ішінде ақсақалдар, билер «әр отбасы үйінің көше жақ бетіне кемі 5-10 түп ағаш өскінін отырғызамыз» деп тағы да бәтуа жасасты.

Көктем шыға ауыл жұртшылығы ұйымдасып, көріктендіру- көгеріштендіруге белсене кірісті. Алғашқылардың бірі болып, ауылдық ардагерлер және орталық Билер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы үйінің көше жақ бетіне 15 түп қарағаш отырғызды. Көршілері де бірқатар тал екті.

Қазіргі таңда ағаш өскіндерін қаладан сатып алып келу оңай емес. Әрі әжептәуір ақша керек. Оның үстіне, кейінгі жылдары судың тапшылығынан әрі ағаштардың күтімсіздігінен қурап, ауылдағы талдар сирексіп қалған. Әсіресе, ауылға кіреберіс жолдардың бойындағы бұрынғы еккен ағаштар жойылып кеткен. Соларды қалпына келтіру көпшіліктің ойында еді. Ауыл болып ақылдасып, осы мәселені талқылап, шешімін тапты. Ақкөл орман шаруашылығының ауылдағы бөлімшесі ағаш өскіндерін тауып беруге уәде етті. Осы ауылдан шыққан кәсіпкер азаматтар да қол ұшын берді.

Атақты «Аманкелді» газ кеніші осы аймақта орналасқан. Биыл ол кәсіпорынның іске қосылғанына 20 жыл толады. Ауыл ақсақалдары мен әкімшілігі кәсіпорын басшыларына жолығып, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға демеушілік жасауды өтінді. Аталарына рақмет, олар көмектесуге бекінді. Қаржы табылған соң Ойық ауылына кіреберістегі «Бөрібай» каналының маңайынан саябақты суғару үшін екі құбырлы құдық қазылды, қаладан мың түп қарағаш өскіні алынды.

Өткен жұма күні ауылдан 60-70 адам шығып, ағаш өскіндерін отырғызды. Әрі 700 метр жер қоршалды. Өскендерді суғаратын арық-атыз тартылды. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» демекші, көптің арқасында ауылдың айналасы көгерішпен көмкерілетін болды.

– Одан тыс, газ кенішінің көмегі арқасында ауылдың ортасындағы «Жеңіс» саябағына да қосымша түрлі талдар отырғызылып, оймалы тастар төселуде. Жалпы алғанда, саябақты саялы ету үшін біраз жұмыс атқарылады, – дейді Ойық ауылдық округінің әкімі Нұржан Мұқтаров.

Биыл Талас ауданының құрылғанына 95, Қаратау қаласының осы мәртебелі атауды иеленгеніне 60 жыл толады. Осыған байланысты Талас жұртшылығы «95 жылдыққа – 95 қайырлы іс» акциясын бастап кетті. Егер ауданда мектеп бітірушілердің жыл сайын ауылға келіп, түрлі нысандар салатынын және тұрмысы төмен отбасыларына асарлатып үй соғылатынын ескерсек, қайырымды істің көп болатыны анық.

Айтпақшы, бұл ауыл әр отбасының тұрмысын жақсарту жөніндегі қанатқақты жоба бойынша ауыл кооперативін құрып, 2,5 пайызбен несие алуды бастап та кетті.

 

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, Талас ауданының Құрметті азаматы, аудандық Билер кеңесінің төрағасы. Талас ауданы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 406
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9064
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8461
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11688
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9450
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10668