«Атамекен» палатасының төралқа төрағасы сайланды

«Атамекен» палатасының төралқа төрағасы сайланды

       «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде төралқа төрағасы сайланды.  Бүгін съезд делегаттары аталған қызметке Райымбек Баталовты сайлады. Айта кетері, осы съедің алдында Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Баталов төралқа төрағасының міндетін атқарушы ретінде бекітілген болатын. 17 қаңтарда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеп: «Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды»,— деген-ді.   

     Райымбек Баталов – Raimbek Agro, «Раимбек-Алко», «Раимбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek ILM компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.  Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП төралқасының шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы кеңесінің төрағасы, ҚР су асты спорты федерациясының төрағасы, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. Баталов Forbes ақпараты бойынша Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендерінің қатарында.

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5474
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5625
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20598
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19225
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22689