Атырау МӨЗ-іне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Атырау МӨЗ-іне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасыныңбасшылығымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады. Соған орай қылмыстық іс қозғалды. Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді.Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды»,— деп хабарлайды.

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5323
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5481
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20449
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22542