Индер ауданында 2001 жылы құрылған «ИСИГипс Индер» ЖШС – бүгінде еліміздің батыс өңірін гипсокартон өнімдерімен толық қамтып отырған жетекші кәсіпорындардың бірі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Жылдық өндірістік қуаты 5,5 млн шаршы метр болатын зауыттың өнімі қазір құрылыс саласында кеңінен қолданылады.
– Биылдан бастап зауыт құрғақ гипс өндірісін аз көлемде іске қосты. Бұл бағыттағы өндірісті алдағы уақытта ұлғайту жоспарда бар, себебі ішкі нарықта сапалы гипс материалдарына деген сұраныс артып келеді, – деді «ИСИГипс Индер» ЖШС техникалық директоры Николай Гепнер.
Кәсіпорын жыл басынан бері өртке төзімді гипсокартон өндірісін жолға қойды.