Атырау облысы Қаңтар оқиғасы: сот үкімі шықты

Атырау облысы Қаңтар оқиғасы: сот үкімі шықты

Атырау қаласындағы №2 сотта күш қолдану арқылы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны (ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі) және жаппай тәртіпсіздік кезінде адамдар тобы болып, билік өкіліне қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданғаны үшін айыпталған (2022 жылғы 11 шілдедегі өзгеріске дейінгі Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігінің 4,8-тармақтары) Д.Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып, оған сот үкімі шықты. Ол Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың бірі. Соттың баспасөз қызметі: «Сот үкімімен Д.Е.-ге ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы, 272-бабының 2-бөлігі бойынша 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 2 қарашадағы Рақымшылық жасау туралы заңы негізінде Д.Е. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан босатылды. Ал, 272-бабының 2-бөлігімен тағайындалған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы төрттен үш бөлігіне, яғни 1 жылға дейін қысқартылып, 63-бабының негізінде 1 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды», – деп хабарлады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 92
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 167
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172