Атырауда 16 қандас Қазақстан азаматтығын алды

  Атырауда 16 қандас Қазақстан азаматтығын алды

  Атырау облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері 16 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. «Бұл негізінен Ресей және Өзбекстан Республикасынан келген азаматтар. Бұл жерде азаматтық алудың оңайлатылған түрі республикада 2020 жылы тамыз айынан бастап жұмыс істеп келе жатқанын атап өту маңызды. Енді қандас бір уақытта құжаттарды және сәйкесінше тұруға ықтиярхат алу үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға да өтінішті бере алады. Орташа алғанда, қарастыру мерзімі шамамен үш айға созылады», – деді Атырау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Руслан Адилов. Бұл мүмкіндікті Ресейден келген 42 жастағы Андрей Владимирович, Өзбекстан Республикасынан келген 24 жастағы Қуанышбек Базарбаев пайдаланды. Андрей Владимирович: «Біз өз Отанымызға оралдық. Мен полиция қызметкерлерінің жеке куәлікті тез әрі қолжетімді жеткізгеніне риза болдым», десе,  Қуанышбек Базарбаев: «Көші-қон қызметі қызметкерлеріне түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бүгін мен азаматтық алдым – мен бұған өте қуаныштымын», – деді қуанышын жасыра алмай.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5539
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5687
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19291
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22751