Атырауда 685 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда 685 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» байланысты өңірде қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіп сақтауға бағытталған жеделпрофилактикалық іс-шараның 2-кезеңі өткізілуде. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсет Сағынтаев баспасөз мәслихатында мәлім етті – Құқықтық шараның 3-ші күні 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның 62-сі дер кезінде ашылып, тиісті шаралары алынды. Сонымен қатар Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісі анықталды. Сәйкесінше, арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Атырау облысында есепте тұрған 546 адам тексеріліп, олардан 18-ге жуық әртүрлі құқық бұзушылық белгілері байқалды. Оның 7-і ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол. Іс-шараға ішкі істер органдарының 686 қызметкері, ұлттық ұланның 125 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері есепте тұрғандарды тексеріп, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуда.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ, Атырау облысы
12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 567
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 454

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28810
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41691
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46389