АТЫРАУДА Ортағасырлық күміс тиындар табылды

АТЫРАУДА Ортағасырлық күміс тиындар табылды

Атыраулық археологтар «Ақтөбе-Лаэти» қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында сирек кездесетін көне күміс монеталар тапты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары анықтаған бұл монеталарды ресейлік нумизматика профессоры зерттеп, бедерлі таңбаларын оқып, жоғары бағалаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Ежелгі бұйым Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақша тобына жатады. Белгілі нумизматик ғалым Павел Петровтың пайымдауынша, бұл тиындар ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді екен. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шыңғыс ханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырылатын көрінеді.

Қазба жұмыстары барысында көрнекті артефакт «Тағара» ыдысы да бүтін күйінде табылған екен.

Күміс Қалтыкей

01.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16048
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15910
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31066
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29710
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33278