Атыраулық делегация «Каспий» медиафорумына қатысты

Атыраулық делегация «Каспий» медиафорумына қатысты

Тамыз айының ортасында Ресейдің Астрахань қаласында Каспий теңізі елдерінің медиафорумы өтті. Тоғызыншы рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мен медиа саласының өкілдері қатысты.  Жиынның ресми бөлімінде сөз сөйлеген Нұрлыбек Жеңісбекұлы форумдағы мәдени диалог қатысушы елдердің ынтымақтастығын арттыратын құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, бауырлас елдермен сауда-экономикалық, мәдени-қоғамдық байланыс артып келе жатқанын атап өтті. – Біз тарихы үндес елміз. Бүгінде бұл байланыс ЕЭО, ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жаңа мазмұнға ие. Бауырлас елдер диалогының маңызды бөлігі қоғамдық пікірді қалыптастыруға және елдер арасындағы байланыстарды қолдауға айтарлықтай әсер етеді. Мәдениетте шекара жоқ. Дәстүр мен мәдени құндылықтар – барлық адами қарым-қатынастардың өзегі. Сондықтан біз ақпараттық идеологияда мәдениет диалогын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет. Астрахан өңіріндегі өтіп жатқан медиафорум бәрімізге ортақ Каспий елдерінің ортақ рухани ұстанымдарын жақсартуға ықпал етеді. Біз үшін Алтын орда мен Ұлы Тұранның мәдени мұрасын арттыруға, рухани құндылықтарын жаңа деңгейге көтеруге серіпін береді деп ойлаймын. Бүгінгі форум маңызды ақпараттар айтылып, мамандар тәжірибе алмасып, масс-медианың дамуына тың серпін береді деген сенімдемін. Қазіргі уақытта жалған ақпаратпен күрес, киберқауіпсіздікті сақтау маңызды, – деді Н.Жеңісбекұлы. Форумға қатысушылар саны жыл сайын артуда. Биыл Каспий теңізін жағалай қоныстанған Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан елдерінен мыңнан астам өкіл мен шетелдік БАҚ болды. Каспий медиафорумның бағдарламасы делегациялар басшыларының кездесуі, пленарлық отырыс, пікірталас алаңдары, шеберлік сыныбы және «Шекарасыз Каспий» журналистер байқауы бар. Форумда Әзірбайжан, Иран Ислам, Қазақстан Республикаларының және Ресей Федерациясының, Түрікменстанның, сондай-ақ Өзбекстан мен Гагаузияның (Молдова) сарапшылары ақпараттық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 175
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 108
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 127
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 92
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 508
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 474
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 498
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 491
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 489
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 504
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 494
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322