Аудан әкімі алғашқы кездесуін Ақсайдан бастады

Аудан әкімі алғашқы кездесуін Ақсайдан бастады
ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Жалғас Мұртаза алғашқы кездесуін Ақсай ауылдық округінің тұрғындарынан бастады.
🖋Жиынға аймақ тұрғындары, аудандық мәслихат төрағасы Зиятхан Бүрлібаев пен аудандық әкімдіктің бірқатар бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында аудан басшылары Ақсай өңірі тұрғындарының мәселелеріне қанығып, оның шешілу жолдарын бірлесіп талқыға салды.
Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы сайлауда сенім артып дауыс берген бұқараға өз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінде атқарылып жатқан бір қатар жұмыстарға тоқталды.
- Округте атқарып жатқан жұмыстар жетерлік. Мысалға Қайрат ауылының Абай, Садыбай батыр, О.Тәукебай, Ә. Молдағұлова көшелері орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Қайрат пен Дихан ауылына ортақ мәдениет үйі бой көтеруде. Алдағы уақытта осы мәдениет үйінің қасынан спорт кешені бой көтереді. Алдағы атқарылатын жұмыстар ауқымды, - деп, нәтижелі жұмыс дұрыс жоспарлаудан басталатындығын аудан әкімі айта өтті.
🖋Шарада ауыл ақсақалдары Кәрібай Құрмашев пен Кеңес Шымкентбаев аудан әкімін құттықтап, "Ақсай" мен "Көксай" шатқалдарына баратын жолдың мәселесін қозғады.
✔️Жиын соңында Жалғас Әлижанұлы Ақсай ауылдық округінің ардагері Мақұлбек Қуанышбековқа «Жуалы ауданның Құрметті ардагері" атағын табыс етті.
Жуалы ауданы әкімдігі
10.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4992
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5158
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20113
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18758
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22214