Аудан әкімі: Облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік нысандар көрнекі жерден салынуы керек

Аудан әкімі: Облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік нысандар көрнекі жерден салынуы керек

Айшабибі ауылына барған Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде салынатын әмбебап спорт кешенінің орнын белгілеу үшін ауыл ішін аралады. Ауыл азаматтарымен әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірін де білді. 

 

- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл-аймаққа салынатын әлеуметтік-мәдени нысандар көрнекі жерден еңсе тіктеуі қажет. Бұл өз кезегінде  арлы-берлі қатынаған жолаушылар үшін де ауылдың ажарын көрсетеді. Айшабибіліктердің де ойын білдік. Сонымен спорт кешенінің түбегейлі орны ауылға Тараз қаласынан кіребергендегі оң жақ қаптал болып белгіленді, - деді Ерлан Қыдыралыұлы. 

Жалпы кешеннің құрылысы ағымдағы жылы басталып, келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.


 

Аудан әкімінің сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен ауыл әкімі Дәрмен Дәулетовке жер құжаттырын рәсімдеу бойынша тапсырмалар жүктелді. 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19121
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22582