Аудан бойынша 49 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылған, ол 91,8 пайызды құрайды.
Табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге 307 824,4 мың теңгеге кварталішілік газ тартуға ЖСҚ әзірленді.
Ал магистралды газ тарту желілеріне мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, және сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін шығару күтілуде.
Жалпы жоспарға сәйкес 2025 жылы аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен және табиғи газбен толығымен қамтамасыз ету көзделуде.