Аудандық аппараттық кеңесте 3 мәселе қаралды

Аудандық аппараттық кеңесте 3 мәселе қаралды
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Аябекұлы наурыз айында өтетін мерекелік шараларды ұйымдастыру туралы баяндама жасады. Жиында наурыз айында өтетін мерекелер бойынша іс—шаралар жоспары талқыланып, аудан басшысы Нұрбол Әбдімәжитұлының тарапынан тиісті тапсырмалар берілді. Екінші мәселе — аудандағы коммуналдық меншіктегі нысандардың жай күйі, сенімгерлік басқаруға берілген коммуналдық мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатып алу құқығынсыз жалға беру бағытында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелердің шешілу жолдары туралы Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қайрат Терлікбаев баяндады. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе — Бостандық ауылдық округінде 2023 жылы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту бағытында және даму жоспарының орындалуы бойынша ауылдық округ әкімі Мұратхан Рысдаулетов есеп берді. Аталған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.
Талас ауданы әкімдігі
27.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5441
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20404
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19039
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22504