Бүгін Сарысу аудандық орталық аурухана ұжымына жаңа басшыны таныстыруға арналған жиын өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Каликова Айнұр Тұяқбайқызы Сарысу аудандық орталық аурухананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұсабаев Ерік Тіллабекұлы ұжымға Айнұр Каликованың өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырып, басқарма басшысының бұйрығын оқып берді. Жаңадан тағайындалған бас дәрігерге сәттілік тілей отырып, алдағы атқарылуға тиісті жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарап, орындауға тапсырмалар берді.
Жиынға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов жаңа қызметке тағайындалған Айнұр Тұяқбайқызына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ұжыммен бірлесе ауданның денсаулық сақтау саласының дамуы мен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруда белсенді қызмет етуге тілегін білдірді.
Каликова Айнұр Тұяқбайқызы осы уақытқа дейін Сарысу аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарып келді.