Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, мәслихаттың жаңа құрамына табыс тіледі.
Басқосуды аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов ашып, саяси науқанның
қорытындысы туралы баяндады.
Саяси науқанның нәтижесі бойынша бойынша “Amanat”, “Ақ жол”, “Ауыл” және “Қазақстан Халық партиясынан” 14 халық қалаулылары сайланды.
Басқосуда Абуталипов Ербол Абақұлы бірауыздан аудандық мәслихат төрағасы болып сайланды.