АУДАННЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАННЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ресми жұмыс сапарымен Сарысу ауданында болды.
Сапар барысында облыстың бас имамы аудан әкімі Сәкен Үмбетұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал және өзге де мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жұма намазының алдында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған Сарысу ауданының бас имамы Каримбаев Айбек Амангелдіұлын таныстырды.
Ауданның бас имамының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Содан соң облыстың бас имамы жамағаттың алдында Ислам діні, имандылық тақырыбында әңгіме қозғап, жамағатпен бірге жұма намазына қатысты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
01.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4984
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5149
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20105
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18750
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22206