”Әулиеата жастары” бағдарламасы аясында 26 жас баспаналы болды

”Әулиеата жастары” бағдарламасы аясында 26 жас  баспаналы болды
Үстіміздегі жылы өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету әрі жас отбасыларды қолдау мақсатында «Әулиеата жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлініп, жастарға жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүзеге асқан. Бағдарлама аясында e-jambyl.kz платформасы арқылы бас-аяғы 619 өтінім қабылданып, 67 қатысушыға «Отбасы Банкке» жолдама берілген. Ал 12-14 желтоқсан аралығында қосымша 131 өтінім қабылданған.
📌Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз-брифингінде
облыс әкімдігіне қарасты жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар 26 қатысушы бағдарлама аясында баспаналы болғанын жеткізді. Оның сөзінше, өзге 7 қатысушы өздеріне қолайлы тұрғын үй іздестіріп жатыр.
📌- Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысушы 33 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде, 26 қатысушы баспаналы болса, 7 азамат өздеріне қолайлы тұрғын үй іздестіру үстінде. Атап өтетін бір жайт, аймақ басшысының тікелей қолдауымен келесі жылы бағдарлама аясында баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, «Отбасы банк» тарапынан да қаржыландыру көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.
📌Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы - 13 миллион теңгеге дейін. Несие беру уақыты - 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме мен бастапқы жарна – 5 пайызды құрайды. Бұл бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматы, облыста қоныстанған жас отбасылар мен жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Ал ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана негізгі қатысушы ретінде бағын сынай алады, - деді Жомарт Дүйсенұлы.
📌Айта кетейік, жоба аясында дәрігерлер мен медбикелер, жас мұғалімдер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар және журналистер, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жеңілдетілген шарттармен ипотека алуға мүмкіндігі бар.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771