Аутизмі бар балалар саны ең көп 8 өңірде «Қазақстан халқына» қолдауымен орталықтар ашылады

Аутизмі бар балалар саны ең көп 8 өңірде «Қазақстан халқына» қолдауымен орталықтар ашылады

2 сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күнінде Шымкентте аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды. Онда жыл сайын 125 бала мамандардың кешенді көмегін тегін алатын болады. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. 

«Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры»және «Samruk-Kazyna Trust» қорларымен бірлесіп іске асыратын «Аутизмі және басқа да менталды бұзылыстарыбар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» қайырымдылық жобасы аясында еліміз бойынша осындай 8 орталық ашылады. Жоба бюджеті – 2,4 млрд теңге.

Орталықтың ерекшелігі – әр түрлі бейінді мамандармен көрсетілетін көмектің кешенді сипаты, ерте көмек көрсету, балалардың халықаралық ғылыми-дәлелді әдістемелер негізінде әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация дағдыларын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мамандарын оқытуды жүргізу.

«Соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артып, бүгінде елімізде аутизм спектрі бұзылған 12 мыңнан астам бала бар. Мұндай диагноз қойылған бала санының өсуі сәйкесінше қажетті инфрақұрылымды, жағдайдың жасалуды қажет етедіКешенді және ұзақ мерзімді көмек жоқ, ата-аналар мен балалар түзету кабинетіне немесе оңалту орталығына кезек күтуге мәжбүр. Осы және басқа да мәселелердіата-аналар мен азаматтық сектор өкілдері бізге жіберген өтініштері мен ұсыныстарында баяндаған болатын. Сондықтан мәселенің маңыздылығын ескере отырып, серіктестерімізбен оны жүйелі түрде шешуге бастамашы болдық. Мақсат – балалар мен ата-аналарға кешенді және ұзақ мерзімді қолдау көрсету,қоғамда әлеуметтенуіне жағдай жасауОсылайша аутизмі бар балалар саны ең көп 8 өңірде 8 орталық құрылып, онда жыл сайын 1000 ерекше бала қамтылады», – деп атап өтті «Қазақстан халқына»қорының басшысы Болат Жәмішев. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Шымкентте аутизм спектрі бұзылған 220-дан астам бала тіркелген. Жаңа орталықта АВА терапиясы, кәсіптік терапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік дене шынықтыру, кәсіптік терапия, арт-терапия, музыкалық терапия, керамика, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтары, логопед, психолог және дефектолог сияқты түрлі қарқынды оқыту бағдарламалары, терапия және оңалту әдістеркөзделген.

Жоба бастамашысы – «Қамқорлық қоры» балалармен жұмыс істеу мақсатында аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары балаларды оңалту саласындағы мамандарды отандық және шетелдік сарапшылардың курстары, тренингтері, көшпелі семинарларды қамтитын арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқытып, даярлады. «Қазақстан халқына» қоры және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен орталықтардыңматериалдық-техникалық жабдықталуын қаржыландырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобаны іске асыру мәселелерінде өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асыратын болады. Әкімдіктер инфрақұрылымды іріктеу, орталықтарды жөндеуді қаржыландыру, орталықтарда жұмыс істеу үшін кадрларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізуде.

 Шымкенттен басқа, аутизмі бар балаларға арналған 7 орталық Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарында ашу жоспарлануда.

03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 100
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 100
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 910

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588