Ауыл әкімдері ел жағдайын жасап жатыр ма?

Ауыл әкімдері ел жағдайын жасап жатыр ма?

«Жұмыскер» ауылы Қарағанды облысы,Шет ауданына қарайды. Шет ауданының орталығы, Ақсу-Аюлы жақтан  ауылға  кіргенде еңсесі биік, көшелері жап-жарық, төрт мұнарасы жарқырап тұрған мешіт үйін көргенде, «мына ауыл бұрынғыдай емес, біршама жақсарған-ау» деген таңданысты жасыра алмадым. Ауыл үлкен емес, 250 шақты үй бар, орта  мектеп, балабақша, мәдениет үйі, 5 дүкен, 2 жекеменшік монша, пошта, емхана, екі жекеменшік тойхана бар. Мен сұхбаттасқан ауыл әкімі  Арынов Нұркеннің  ауыл әкімі болып тағайындалғанына аз ғана уақыт болған екен. Өзі осы ауылда туып-өскен. Анасы марқұм ұстаз болған кісі. Бұрыннан келе жатқан ескі үйлер сырылып, орнына жаңа үйлер салынып жатыр. Ауыл жастары ұйымшыл, бір-біріне жәрдем беріп, қарттарға көмек береді. Ауыл тұрғындарының дені дерлік мал, құс ұстайды. Көктем шыға егін салады. «Туған жерге ту тіксем!» деген әрбір жастың арманы бар. Ауылдағы ең бір бетке ұстар, ауыл жастарының көп жиналатын жері – мешіт үйіне қарай бет бұрдық. Жолай «Жан Жұмыскер» деген сөз жарқырап жанып тұр. Ауылдағы мектепті бітіріп кеткен ауыл жастарының ауылға деген сағыныш, құрметі. Қазақстанның қай түпкіріне барма, мешіт үйі ашық, әрі таза тұрады. Ауыл жастары мешіт үйіне жұмыстан соң жиналып, ауыл болашағын жоспарлап, тәрбиелік маңызы бар сабақтар өткізеді екен. Биыл мешіт үйінің ішін күрделі жөндеуден өткізбекші. Наурыз мерекесін, ауыл болып қарсы алып, ерекше өткізіпті. Бүкіл әлемді жайлаған аурудан біраз ауыл қарттары қайтыс болған. Қалған әжелер мен аталар наурыз тойын тойлап, қазақтың көптеген салт-дәстүрлерін көрсетіп, үйретіп, өздерінің әке шешелерінен қалған мұрағаттарын, мектеп ішіндегі мұражайға өткізіпті. Тай жарысы болып, көкпар ойнын өткізіп, оған көршілес, Қарасаз, Қызылту, Қайрақты ауылдарының жастары қатысқан. 

Мектеп үйінің іргесі 1966 жылы  тұрғын үй есебінде салынған болатын кейіннен осы елде совхоздың директоры болған Аманбек марқұм спорт кешені  мен тағы да сынып бөлмелерін қосты. Одан кейін ауылдың жастары мен сырттағы жастар қосылып тазалап, оны күрделі жөндеуден өткізді. Оқушылар саны – 124, орталықтағы балалaр саны – 30. Шағын орталықтағы балалар саны – 25. 92 бала тегін тамақтанады. Асхана бөлмесі өте кішкентай. Арқаның қатты қысында да спорт кешенінде спорттың түр-түрінен жарыс өткізеді. Байболов Болашақ деген азамат ауылымыз емес, Республика көлемінде гір тасын көтеруден алдына жан салмайды.  Мектеп ішіндегі іс-шаралар осы жерде болады. Өйткені мектепте спорт кешенінен басқа үлкен бөлме жоқ. Аудан бойынша қай жағынан болсын мектеп алдыңғы  қатарлы. Мектеп үйінде ауылдың тарихына арналған мұражай бар. Оны ауыл болып жинаған. Негізгі үйымдастырушысы ауыл ақсақалы Игенов Балтабай. Ауылға жан жақтан көшіп келіп жатқан адамдар көп. Біздің арманымыз ауылымызға жаңадан бір мектеп үйін салып берсе. Бұрынғы монша деп пайдаланған бір үй бар, соны аудан әкімшілігімен ақылдаса келе, жастарға спорт кешенін салдыру жоспарымда бар. Жастар үлкендермен ақылдасып жұмыс жасайды. Балтабай Игенов, Өрікбай Рақымжанов сияқты бетке ұстар үлкенден құралған  «Ақылдасар алқасы» жұмыс істейді. Жиырма бір батыр ана мен он ардақты аналар бар. Жастардың барлығы дерлік жұмыспен қамтамасыз етілген. Ауылда 52 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. 

Ауыл азаматтарының біразы Шұбаркөл көмір орнында вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Бұрын ауылда Қалкен деген ветдәрігер болатын. Ауылдың барлық малдарын сол кісі бір өзі емдейтін. Қазіргідей малдан шыққан аурулар аз болатын. Ал қазір ондай емес, ауданнан келіп малдарды тегіс әр түрлі аурудан сақтану үшін егіп кетеді. Ол аздық етеді. Медицина саласын алатын болсам, бір дәрігер, бір акушер, екі медбике, бір тазалықшы жұмыс істейді. Әсіресе, короновирус кезінде мамандардың жетіспеушілігі білініп, қатты қиналыпты. Аяғы ауыр әйелдерді босану үшін Ағадыр бекетіне жеткізіледі. Бізге Қайрақты кенбайыту руднигі жақын. Бұрын осы жерде үлкен аурухана болатын. Екі ауылға сол аурухананы қайтып берсе дұрыс болар еді. Пошта үйі уақытымен газет-журналдары таратады. «Мөлдір бұлақ» журналын алып тұрамыз. Ал газетті бірен-саран, бұрыннан білетіндер ғана алады.  Қазір халыққа керегі су. Күзде  су құбырларын қалыпты ұстауды ұйымдастыру бойынша 10 млн 976 мың қаржыға  сыйымдылығы 25м3 болатын су мұнарасы орнатылды. Ауыл қаладағыдан кем тұрмайды, су, ыстық су, әжетхана, жуынатын жерілері бар. Мәдениет үйі,     кітапхана жұмыс жасайды. 

 

Африза АЙТБАЕВА
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735