«Ауыл аманаты» ауылды дамытатын жоба

«Ауыл аманаты» ауылды дамытатын жоба

Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасындағы ең негізгі салалардың бірі. Сондықтан, агроөнеркәсіп кешенін әрмен қарай да дамыту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, туындаған мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету өңірімізде күн тәртібінен түскен емес. Нәтижесі де жаман емес. Салада атқарылып жатқан кешенді жұмыстар өңір экономикасының қарқынды өсіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсарып, тұрмысының түзелуіне үлкен ықпалын тигізуде. Биыл да аграрлық салада ауқымды жұмыстар атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков кеңінен баяндады.

Биыл ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында салаға 21,9 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 6,6 миллиард теңгесі шаруаларға субсидия ретінде төленіп берілген. Нәтижесінде жыл басынан бері салада 57,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 миллиард теңгеге артты. Оның ішінде егін шаруашылығында 679 миллион теңгенің, мал шаруашылығында 56,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 5,7 миллиард теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 179 миллион теңге инвестиция салынған.

Басқарма басшысының айтуынша, жер емген диқандар көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындықпен кірісіп, бел жазбай еңбек етуде.

– Көктемгі дала жұмыстары 97,5 пайызға орындалды. Бүгінгі күні облыс бойынша 108,4 мың гектар алқап жыртылып, 461,6 мың гектар алқап өңделді. Қажетті 89,8 мың тонна тұқым толығымен қамтамасыз етілді.

216,3 мың гектар жаздық масақты дақылдар, 30,6 мың гектар көпжылдық шөп, 43,1 мың гектар көкөніс, 66,2 мың гектар майлы дақыл, 10,4 мың гектар қант қызылшасы, 16,9 мың гектар бақша, 11,8 мың гектар картоп, 27,9 мың гектар біржылдық шөп және 18,3 мың гектар дәндік жүгері себілді. Жалпы, жаздық дақылдар 441,7 мың гектарға егілді.

Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінсе, оның 14,7 мың тоннасы жеткізілді. 14 мың тонна дизель отыны белгіленген 14 оператор арқылы шаруаларға 204- 214 теңге аралығында таратылды. Тарату жұмыстары 95,6 пайызға орындалды.

Дала жұмыстарына 6 893 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылған. Оның 4529-ы трактор, 1 071-і соқа, 746-сы дәнсепкіш, 457-сі қопсытқыш және 90-ы тұқым дәрілегіш техникалар.

Биыл 280 мың гектар алқапқа 54,0 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланса, бүгінгі күні шаруашылықтарға 10 456 тонна тыңайтқыш жөнелтілді.

Шаруашылықтарды қажетті минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда.

2023 жылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасына 1 миллиард теңге қарастырылып, бұл қаржыға облыстағы 78 шаруашылық несиелендірілді,– дейді Н.Жігітеков.

Жоғары өнімге қол жеткізудің негізгі факторының бірі – ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы. Сондықтан, 2023 жылы техникаларды 12 пайызға жаңарту мақсатында 1 508 ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Қазірге дейін 337 техника алынып, жаңару көрсеткіші 2,7 пайызды құрады.

Жалпы, облысымызда ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің 42 пайыздан аст амы ма л шаруашылығы саласына тиесілі. Биыл облыстағы мал саны 4,8 миллионды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артыпты.

Сондай-ақ, биыл ауыл шаруашылығында бірқат ар жарқын жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

– 2023 жылы облыста жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асырып, 225 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобалардың негізгі бағыты – су үнемдеу технологияларын енгізу, сүт өнімдерін өңдеу, көкөніс сақтау қоймалары, бордақылау а лаңдары, сүт тауарлы фермалары, құс және балық шаруашылықтары, – деген Нұрби Рахметханұлы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында қолға алынған жұмыстарды баяндады.

2023 жылы жобаға 24 миллиард теңге бөлініпті. Ал 2024-2025 жылдары республикалық бюджеттен 45,5 миллиард теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданған. Аталған қаржыға 17 мыңға жуық кәсіпкерге несие беру көзделуде.

Міне, байқағанымыздай, мемлекет тарапынан салаға серпін беру мақсатында барлық жағдай жасалуда. Қолдау қомақты. Тиісінше қайтарымы да көңіл қуантарлықтай.

 

Aqjol Aqparat
22.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651