АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2019 жылы Президент қолдап, Үкімет қаржыландырған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы бүгінге арнайы бағдарламаға айналып, республика көлемінде «Ауыл Аманаты» атауымен іске асырылуда.
Осыған байланысты Әулиеата жерінде қанат қаққан жобаның тиімділігі қандай, нендей шаралар атқару қажет, оның шарапатын көру үшін ауыл тұрғындары не істеулері керек, несиелендірудің негізгі талаптары сияқты мәселерге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Еліміздің 15 облысынан келген қатысушыларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдермен бірге Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы мен қызметкерлері жоба шеңберінде жұмысты ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге, барлық қатысушыларға жобаларды, НҚА-ны іске асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттар пакеті және жұмыс тәжірибесінен сәтті кейстер туралы ақпараттар ұсынылды.
Айта кету керек, «Ауыл аманаты» бағдарламасына 2023 жылы 100 млрд. теңге қарастырылған. Бұл ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 17 мыңнан астам жеңілдетілген шағын несие беруге және ауылда 18 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы, 7 жыл ішінде бағдарламаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтып және оларды кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, сондай-ақ 350 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 1 трлн. теңгеге дейін бағыттау жоспарланып отыр.
«Ауыл аманаты» - әр облыс әкімдіктері оны өңірдің ерекшеліктеріне бейімдеуі үшін өте икемді бағдарлама. Жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың белгілі бір ауылдық округтің және жалпы облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, несиелендірілетін жобалар бойынша басымдықтарды дұрыс қоюы маңызды», - деп атап өтті АШМ Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің директоры Тұрар Мұхамеджанов.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған оқыту семинары екі күнге жоспарланған.
Ертең семинарға қатысушылар Тараз қаласындағы гидропоника жобасымен және Жуалы ауданы, Ақсай ауылындағы жоба аясында іске асырылған бағыттардың барысымен танысады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665