«Ауыл аманаты» және «Әкімдер мектебі»: Ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа кезеңі

«Ауыл аманаты» және «Әкімдер мектебі»: Ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында елімізде ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды реформалар жүзеге асырылып келеді. Солардың ішінде «Ауыл аманаты» мен ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған «Әкімдер мектебі» жобалары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беруде. 

Президентіміз 28 қарашада өткен ауыл әкімдерінің «Диалог-платформасында» бұл жобаны іске асыруда «AMANAT» партиясының тәжірибесін кеңінен қолданудың маңыздылығын тағы да атап өтті.

Бұл бастамалар ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға және ауыл экономикасын нақты деректерге сүйене отырып жаңғыртуға бағытталған.

ШҚО бойынша «Әкімдер мектебі» жобасы биыл ақпан айында басталды.

Бүгінге дейін ШҚО бойынша 116 ауылдық округ әкімі осы «Әкімдер мектебі» жоба аясында оқытудан өтті.  1 кезеңде – 82 ауылдық округ әкімі, 2 кезеңде – 34 ауыл әкімі біліктілігін арттырды.

• Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалында ҚР мемлекеттік басқару академиясы мен облыстық әкімшіліктің өкілдерінен құрылған комиссия алдында 34 жаңадан сайланған әкім өздерінің болжамды инвестициялық жобаларын қорғады. Сондай-ақ, ауыл әкімдері «Ауыл аманаты» жобасының жаңартылған талаптарымен таныстырылды.

Бұл – ауыл әкімдерінің басқарушылық қабілетін күшейтіп, ауылдардағы нақты экономикалық жоспарлауды жолға қоюға мүмкіндік беретін маңызды процесс.

«Ауылдардың дамуы – елдің тұрақты экономикалық өсімінің негізгі тірегі. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кооперативтер құру арқылы жергілікті экономиканы күшейтуге нақты мүмкіндік беріп отыр. Ал «Әкімдер мектебі» – ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыратын, оларды жаңа форматтағы экономикалық жоспарлауға бейімдейтін маңызды алаң. Өткен шара Шығыс Қазақстан облысында әкімдердің оқуға деген қызығушылығы жоғары екендігін көрсетті. Әрбір әкім өзінің округіне нақты экономикалық даму бағдарламасын әзірлеп, ауылдағы басты мәселелерге тиімді шешім ұсынуда. Біз бұл жұмыстарды аймақта жүйелі түрде жалғастырып, ауылдардың дамуына серпін беруді басты міндетіміз деп санаймыз», – деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нуркенов.

 «Ауыл аманаты» және «Әкімдер мектебі» жобалары – ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа архитектурасын қалыптастыратын стратегиялық бастамалар. 

Бұл жобалар:

• халықтың табысын арттыруға,

• ауыл кәсіпкерлігін дамытуға,

• инфрақұрылымды жаңғыртуға,

• жаңа жұмыс орындарын ашуға,

• ауыл экономикасын цифрлық және аналитикалық тәсілдермен жоспарлауға тікелей ықпал етеді.

Жобалардың табысты жүзеге асуы – ауыл әкімдерінің белсенділігіне, жоспарлы жұмысына және халықпен тығыз байланысына байланысты.

 

Тәттімбек Асханұлы Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі
08.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 471
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 474
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 412

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20793
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20576
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35695
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34230
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38104