«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Кәсіп ашқысы келетін ауыл тұрғындары үшін — «Ауыл аманаты» жобасының берер мүмкіндігі мол. Жобаның мән-мақсатын түсіндіру мақсатында облыстық мобильді топтар аудандарды аралауда. Бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мамандары мен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов және аудандық «Аманат» партиясының қызметкерлері Жаңарық, Игілік, Жаңаталап ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие шарттары, жұмыссыздықты жою, жеке кәсіп ашу арқылы табысты көбейту мәселелері терең түсіндірілді. Биыл Жайылма ауылдық округінде жоба бойынша жұмыстар қолға алынып, тұрғындар жаңа кәсіп игеріп, жұмыссыздық азайды. Ауыл жағдайын көтеру мақсатында үш ауылдық округте де жоба аясында жұмыстар жүзеге асады. Ауыл тұрғындары алысқа шабылмай, электронды форматта,«точка KZ» платформасында құжат рәсімдей алады. ✓Бұрын 25 құжат рәсімдесе, бұл жолы үш қана құжат (үйдің техпаспорты, мүліктің бағалау құны, өзінің жеке кілті) өткізеді. Қалған құжаттарды eGov.kz порталы арқылы алады. Кездесуден мол мағлұмат алған ауыл тұрғындары, нақты сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
07.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5206
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5364
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22428