Ауыл шаруашылық саласы Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Ауыл шаруашылық саласы  Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Басқосуда баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектарға орналастырылса, биыл оның көлемін 770,7 мың гектарға жеткізу көзделуде.  Ағымдағы жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 398,2 гектар, майлы дақылдар – 72,2, қант қызылшасын – 10,4, картопты – 11,8, көкөніс пен бақша дақылдарын – 61,7, мал азығы дақылдарын 216,7 мың гектар алқапқа егіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқымның 68,9 мың тоннасы дайындалған. Яғни қорда бар тұқымның 76,4 пайызы дайын. Бұдан бөлек, қант қызылшасының, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері және күнбағыс дақылдарының тұқымы шет мемлекеттерден және Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан жеткізілмек. Биыл көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін шаруа қожалықтарын 15,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отынымен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қажетті дизель отыны тиісті жанармай құю бекеттерінен арнайы операторлар арқылы шаруаларға төмен бағада босатылуда. Сондай-ақ биыл 280 мың гектар алқап- қа 54 мың тонна тыңайтқыш пайдаланылмақ.  – Біздің басқарма тарапынан шаруашы- лықтар 50 пайыз қаражатты өз есебінен, қалған 50 пайыз қаржыны субсидия есебінен жабу бойынша «ҚазАзот» ЖШС және «Қазфосфат» ЖШС зауыттарымен меморандум жасалған. Келісім негізінде облыс шаруашылықтарының егін науқанындағы отандық тыңайтқыштарға деген қажеттілігі мен сұранысы қамтамасыз етіледі, – дейді басқарма басшысы. Облыс әкімі өз кезегінде егіс көлемін арттыруды жоспарлап отырған аудандардың дайындықтарын сұрап, жанар-жағармайдың диқандарға кедергісіз жетуіне назар аудартты. – Шаруа қожалықтарына операторлар тарапынан бөлінген дизель отыны ай сайын тиісті деңгейде үлестіріліп отыруы керек. Ол Үкімет белгілеген жеңілдетілген бағамен берілуге тиіс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы басқармасы операторлардың жұмысын тұрақты қадағалап, шаруа қожалықтарына жеткізілуін бақылауда ұстағаны абзал, – деді Нұржан Нұржігітов.  Келесі кезекте аймақ басшысы шаруа қожалықтарына төмен пайызбен несие беру жұмыстарына тоқталды. Бұл бойынша облыстағы қаржы ұйымдары басшылары- ның есептерін тыңдады.  – Қазір ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Биыл қант қызылшасы алқабы бірнеше есеге ұлғайып отыр. Сондықтан да өңіріміз үшін тиімді дақылдардың бі- рі – тәтті түбір алқабын ұлғайтуға басымдық берілетін болады. Балтамыр көлемін арттыру бойынша шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстары тоқтамауы керек. Былтыр ауыл шаруашылығы құрылымдарына 60 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген болса, биыл оның көлемі 100 миллиард теңгеге ұлғайып отыр.
Сонымен қатар бір ескеретін мәселе, егіс алқаптарына ағын су жеткізу үшін шаруа қожалықтары «Қазсушар» мекемесімен келісімшартқа отыруы керек. Аталған мекеме егіс алқабына су жеткізіп беруді міндетіне алған жағдайда ғана ол алқаптарға суармалы дақылдарды орналастыруға рұқсат берілуге тиіс, – деген Нұржан Молдиярұлы жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Құрмаш Қаптағай, Жамбыл облысы
28.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 102
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 136
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 137
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 102
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 245
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 250
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 461
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 423

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9122
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8519
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11747
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9515
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10728