"AMANAT" партиясы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі, "Партиялық бақылау" комиссиясының төрағасы Мұхамеджан Асемов Нұрлыкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады.
🔹Кездесу барысында Мұхамеджан Асемов сайлауалды бағдарламасы аясында аталған округте 180 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілгендігін атап өтті. Сонымен қатар биылғы жылы да үш көше орта жөндеуден өткізілетіндігін жеткізді.
🚩Жиын соңында тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін айтып, арыз-шағымдарын жеткізді .