Қарағанды облысының Шет ауданының Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылында жаңа наубайхана ашылып, мемлекеттен қолдау тауып, нан өнімдерін дайындау ісін қолға алып, кәсібін өркендетіп отырған кәсіпкерлердің бірі – «АлиТан» ЖК. Ауылда наубайхана ашылып, тұрғындар мәз болды. Бұған дейін тұрғындар ауыл дүкендерінде сырттан келетін нан 160 тг болып, бағаның қымбат екенін тілге тиек етіп жүретін. Ауыл әкімі Н.Арыновтың есеп беру жиынында осы мәселе көтеріліп, аудан басшысы М.Мұхтаровтың тікелей тапсырмасымен ауылда жаңа наубайхана ашылу көздері қарастырылған-ды. Жұмыскер ауылында ашылған наубайханада күндіз-түні нан өндіріледі. Кәсіпкер Төлеутай Жұмашев ауылдағы тұтынушы нарығын толықтай зерттепті. Наубайхана Жұмыскер ауылынан бөлек, көрші тұрған Төменгі Қайрақты, Қарасаз, Қызылту елдімекендерін және аудан орталығын күнделікті жаңа пісірілген нанмен қамтамасыз етіп отыр.
Шет ауданының кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасының аясында, 600 000тг грант ұтып алып, қосымша бір пеш сатып алды. Наубайхана бұрын жұмыссыз отырған екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып, 50 000 тг жалақы төлеп отыр. Жұмыскер ауылында ашылған наубайхана ауылымыздың, ауданымыздың дамуына зор үлес қocyдa.