Ауылда неге малшы тапшы?

Ауылда   неге малшы тапшы?

 

Бұрынғы ата-бабалар «Мал-жаның аман ба?» деп амандасатын. Ол кездегілер төрт түліктің қадірін білетін. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырыздық-несібесі мен ырысына кенелген. Ал бүгінгі таңда малшы тапшы. Бұл мәселе ауылдағы ағайынға да, мал өсіріп отырған шаруашылықтарға да жақсы таныс. 

Бүгін заманына қарай ма, қазір қазақ ауылдарының көпшілігінде баяғыдай қой қоздап, бота боздап, қорада шу болып жататын көрініс көзден бал-бұл ұшты.  Ауылда да, қалада да жасөспірімдердің есіл-дерті – әлеуметтік желілер. «Бала күнімізде аттың құлағында ойнайтынбыз. Несібеміз төрт түліктен болып, ырысымыз ақтан босамаушы еді. Қазіргі жастардың мал бағуға қызықпайды. Тіпті, балалар  мал тұратын қорадан жиіркенеді», – дейді шопан аталар.  Ата кәсіптен алшақтап қалмау үшін бұл мәселе бүгінгі күннің  басты назарында болуы қажет деп санаймыз.

Тұрғындар таңертең төрт түлігін өріске айдап, кешке оны шаңы бұрқыраған көшеде күтіп алатын. Ауыл сонысымен қызық еді. Малды бағуға да, оны өсіруге де қазір құлшыныс жоқтың қасы. Түбін қазсаң, түрлі сылтау табылады. 

Оңтүстіктің халық тығыз орналасқан Алматы мен Жетісу облыстарының өзінде өңірдегі ірілі-ұсақты шаруашылықтардың бас ауруы – малшы тапшылығы. Өйткені, ен далада мал бағуға ешкім құлықты емес. Әсіресе, жастар атакәсіптің азабынан қашады.

 Бүгінгі күні мал ұстап отырған адамдардың жасы алпыстан асып, жетпіске таяды. Енді олардың құтты таяғын алып жалғастырушы табылмағаны ма? Осы орайда осы мал шаруашылығының аяғына тұсау салып отырған тағы бір мәселе – елді мекендердегі жайылымның жеткіліксіздігі. Өйткені шаруашылық иесі өзі сатып алған жерге басқа біреудің малын кіргізбейді. 

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз». Бұл – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты пайымы. Шынында, заманауи техника жетіліп, барлық салаға цифрландыру еніп жатқанымен еңбек адамына деген сұраныс азайған жоқ. Қайта адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын қасиет – еңбекқорлықта. Міне, Мемлекет басшысының ұсынған концепциясының мән-маңызы осында. Сондықтан еңбек адамын насихаттау ұдайы жүргізіліп, басымдық ету міндеті тұр. 

Бүгінгі күні көп жерлерден естіп, көріп жүрміз ауылдық жерлерде малшы, жылқышы, механизатор, сондай-ақ сауыншы тапшы екенін айтады. Міне, жадыраған жаз айларында жергілікті жерлердегі  шаруа қожалықтарда адам қолы жетіспейді. Шөбін шабуға, техникасын айдауға, малын бағуға жаз айларында кейбір қожалықтарға жұмысшылар қажет.

Шыны керек, бүгінгі күні малшы мен қожалық иесі  арасындағы сенім мен сыйластық  көп жағдайда бола бермейді. Бұл жерде бар мәселе адамына байланысты.  Еңбегінің ақысын бермей, өлген, жоғалған малынан шегеріп, ақыр соңында  араздасып қалатын малшы мен қожайын көп. Мал иесі  уәдесін орындамады, қосымша жұмысқа жекті, жарытып ақша бермеді деп малшы арызданады. Ол ақшасын талап етуге ешқандай құжаттың жоқтығынан сотқа  да бере алмайды. Сол себепті жұмысшы мен жұмыс беруші арасында келісімшарт жасалуы тиіс деп ойлаймыз. Мұны әрбір малшы қаперіне алуы керек.

– Жалпы, кімде болса, қарамағыңдағы адамға, жас пен кәріңе қолайлы, жайлы жағдай жасасаң, малшы да, сауыншы да табылады. Ең бастысы, еңбекақысын уақытылы төлеп, тамағын, қажетті заттарын алып берсең болғаны. Ал қазір жалпы ауылдың тіршілігіне келсек, ауылдың өзінде мал баққысы келетіндер аз. Ауылда отырып, сүт пен майды дүкеннен сатып алатындар жетіп, артылады.  Мұның соңы жалпы масылдыққа, мемлекеттен ақша сұрауға, не болмаса арзан әрі жеңіл ақша несиеге тәуелді болуға алып келмесіне кім кепіл?

Жұман МАТАЙ,

Алматы облысы 

 

31.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26618
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26052
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43442
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43848