Ауылды жас кәсіпкер арқылы таниды

Ауылды жас кәсіпкер арқылы таниды

Осы күнгі жұмыс сапарым «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын сезініп отырған Көптерек ауылдық округінде өз жалғасын тапты. Жоба аясында құрылған «Кеңес-23» ауыл шаруашылығы кооперативінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен аталмыш жобаның бес бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы Көптерек ауылының әкімі Самат Кусемисов әңгімелеп берді. Қобылан Келимбетов басқаратын кооператив әзірге екі дана ауыл шаруашылығы техникасын алған. Алдағы уақытта басқа да егін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жиырмадан астам техникалар алынатын болады. Сонымен бірге, «Бақытжан» және «Кушербай» жеке кәсіпкерлігінің мал ұстау, бордақылау алаңы жұмыстарын араладым. Мысалға, Бақытжан Ибраймов 8,6 млн. теңге несиеге 12 бас аналық сиыр мен 12 бас бұқа сатып алса, Кушербай Абжаппаров 3,6 млн. теңгеге 3 бас жылқы, 2 бас аналық сиыр, 12 бас қой малын алыпты. Кәсіптері арқылы өз шаруасын дөңгелетуді мақсат тұтқан жас кәсіпкерлердің болашақта алға қойған жоспарлары да бар.

Бақыт Алпысбайұлы, Байзақ ауданының әкімі
29.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4987
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5152
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20108
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18753
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22209