Ауылдық өкілдік орган – «Кеңестің» жұмыс бағыты туралы айтқан «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов: «2024 жылдан бастап ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастық жиналыстары ауылдық өкілдік орган – Кеңес болып қайта құрылады. Кеңестің қызметі әкім аппаратымен (жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігі) қамтамасыз етіледі. Кеңестің мүшелері мен төрағасы болады. Ал мүшелер саны мен басқа да мәселелер жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамада айқындалады. Бұл құжат алдағы жылы әзірленеді. Кеңеске жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспары мен бюджетін орындауды бекіту және бақылау өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, Кеңес елді мекенді абаттандыру мен тазалық, көшедегі сауда, қызметтерге тарифтерді бекіту, ауылдық деңгейдегі салық мөлшерлемелерінің көлемін реттеу мәселелерін қарайды. Ауылдық округ әкімі Кеңес шешімдерін орындауды ұйымдастыру қадамдары мен алға қойылған міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, ауылдық округ әкімі Кеңес алдындағы өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруда жауапкершілікті алады. Өз кезегінде сайланған әкім атқарылған жұмыс үшін халық алдында есеп береді. Менің ойымша, Кеңестің құрылуы өзін-өзі басқарудың жергілікті деңгейін қалыптастыру үшін база болады, яғни бұл қадамдар азаматтарға неғұрлым жақын болу тұрғысында назарға алынған. Осы арқылы, тұрғындардың шешім қабылдауға жұмылдырылуы басқару сапасын өзгертіп, азаматтық белсендікті арттырып, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашық болуын ескеріп отыр»,— деп түсіндірді