АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

  Бүгін "Qyzylsha" ЖШС-нің Ескі Шу ауылдық округіндегі қант қызылшасы алқабында "Eurasia Group" компаниясының ауылшаруашылығы техникаларының таныстырылымы өтті. Айта кету керек, швейцариялық компания еліміздегі "John Deere", JCB, Grimme сынды маркалы техникалардың ресми дилері болып табылады.

        Семинар барысында аталған компанияның Жамбыл облысындағы филиалының менеджері Альтаир Досымбеков ауданымыздағы ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық жетекшілеріне ең соңғы қондырғылармен жабдықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы техникаларды жан-жақты таныстырды. Мәселен, жер аударуға, ұрық себуге және жүк тасуға арналған шетелдік техникалардың бұрынғы техникалардан айырмашылығы мен тиімділігін атап өтті. "Компанияға шаруа қожалықтардан тапсырыс түссе, біз аз уақыттың ішінде қажеттілігіне орай АҚШ, Германия және Франция елдерінен жеткізіп береміз. Сондай-ақ, биыл дәл осындай техникаларға мемлекет тарапынан 50 пайыз субсидия жүріп жатыр. Ол үшін бірнеше шаруа қожалық бірігіп, кооператив құруы қажет. Сонда техника құнының 25 пайызын республикалық бюджет төлесе, 25 пайызы жергілікті жердегі бюджеттен субсидияланады" дейді компания менеджері.

        Мұндағы техникалар қазіргі заманның талаптары мен үрдістеріне толық жауап береді. Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар техникаларды күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін де қарастырған. Қазіргі таңда кез келген шаруа адамының алдында еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұрғаны сөзсіз. Ал дәл осындай заманауи техникаларды қолданысқа енгізбей және менеджментті жақсартпай оған қол жеткізу мүмкін емес. Сол себепті де ауданымыздағы шаруалар бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуі тиіс.

08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735