«Ауылым – алтын бесігім» аудандық өнер байқауы өтті

«Ауылым – алтын бесігім» аудандық өнер байқауы өтті

24 желтоқсан күні Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәдениет үйі бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық округтер арасындағы өнер байқауының қорытынды мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Мерекелік іс-шараны Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараев және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, бастау алды. 

Іс-шара барысында «Ауылым алтын бесігім» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріліп, қаржылай марапаттар табысталды. Атап айтқанда бас жүлде Айшабибі ауылдық округі, 1-орын Ақбұлым ауылдық округі, 2-орын Гродекова ауылдық округі және Аса ауылдық округі, 3-орынды Қарасу ауылдық округі, Қаратөбе ауылдық округі және Ақбастау ауылдық округтері иеленсе қалған ауылдық округтер арнайы қаржылай номинация және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға атсалысқан біршама мәдени қызметкерлер мен мәдени ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды. Мерекелік іс-шара соңы ауыл өнерпаздарынан іріктелген концерттік бағдарламасына ұласты.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
24.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5455
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5608
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20579
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19207
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22670