«Avero»-ның матрастары

«Avero»-ның матрастары

Облыста матрас шығаратын жалғыз өндіріс ошағы бар. Ол жеті жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онда матрастың 30 түрі шығарылады. Осы кәсіппен «Avero» ЖШС 2015 жылдан бері тұрақты айналысуда. Кәсіпкер жылдан-жылға өндірістің жылдық қуатын арттыру үстінде.

Серіктестік директоры Григорий Повстянконың айтуынша, зауытта айына 3 мың матрас дайындалады. Оның барлығы дерлік Тараз қаласындағы жиһаз сауда орталықтары мен базарларға өткеріледі. Орта есеппен өнімнің 500-600 данасы сауда орталықтарына түскен сәтте өтіп кетеді екен. Оның, біріншіден, Қытай мен Ресейден жеткізілетін матрасқа қарағанда сапасы да жоғары.

– Аймақта біз өндірген өнімге сұраныс бар. Сұранысқа қарай жұмыс қарқынын арттырудамыз. Қарапайым халық матрасқа төсеніш құралы ретінде қарайды. Шынтуайтында, олай емес, біз оны медициналық жағынан ондаған түрге бөліп, қатты, жұмсақ және омыртқа, буын аурулары мен басқа да сырқаттардың талабына жауап беретіндей етіп жасаудамыз. Біздің тұрақты алушыларымыз кейде матрасқа арнайы тапсырыс беріп жатады. Ол кезде тапсырыс берушінің жасына, салмағы мен сырқат тарихына қарап, қолайлы етіп жасап береміз. Жайлы матрас адамның ұйқысын тыныш етеді. Біз отандық нарықты жаулап алу үшін сапаға жұмыс істейміз, – дейді серіктестік директоры.

Матрастың адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Оны медицина саласының мамандары да мойындайды. Осы талаптан шыға білген зауыттың өніміне сондықтан да сұраныс артқан. Зауытта бүгінгі таңда 25 адам еңбек етіп жатыр. Олардың орташа жалақысы 125 мың теңгені құрайды. Зауыттың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Қызылорда қалаларында филиалдары да ашылған. «Біз еліміздің әр өңірінен зауыт филиалдарын ашу арқылы отандық өнім желісін бір қалада ғана емес, ел көлемінде дамытуды көздедік. Бұл қадамға барар сәтте көлік логистикасы мен зауыттың экономикалық тиімділігін назарға алдық», – дейді ол.

Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Ресей мен Қытай мемлекеттерінен жеткізілсе, он пайызын отандық өнім құрайды. Дайын өнімнің бағасы да халық үшін қолжетімді. Ең арзаны 30 мың теңге тұрса, қымбаты – 200 мың теңге. Әрбір матрастың белгілі кепілдік мерзімі бар. Ол жауапкершілікті зауыт өз мойнына алған.

Осы зауытта 3 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шебер Асылжан Егембердиевті сөзге тарттық.

– Жұмысым өзіме ұнайды. Табысы да жақсы. Жұмысы да ауыр емес. Қолыңның ебі болса, өзіңе оңай. Менің бір орында ұзақ тұрақтап жұмыс істеп отырғаным – осы зауыт. Өз мамандығым – технолог-лаборант. Ол бойынша жұмысқа орналасу қиын. Сондықтан осында келіп, жаңа мамандықты игеріп, ұнаған соң қалып қойдым. Қазір сұранысқа қарай жұмыс көлемін арттырудамыз, – дейді ол.

Ал тігінші Ағзам Хасанов өзі басқаратын тігін машинасымен күніне 20 матрасты көктеп, шетін бүріп, тігісін жатқызып шығарады екен. Бұл жұмысқа ол еліміздің Қарулы Күштерінде азаматтық борышын өтеп келген соң орналасыпты. Осы жұмысқа орналасқанына жылдан асқан ол, өзіне осы жұмыстың ұнайтынын айтты.

Серіктестік матраспен қатар, уақыт талабына сай өздері біраз жылдан бері жалға алып отырған ғимараттың екінші қабатынан есік жасау цехын іске қосқан. Бұл цех екі жарым жылдан бері жұмыс істеуде. «Қосымша бұл кәсіпті бастағанымызға екі жылдан асты. Ондағы мақсатымыз бір матраспен ғана шектеліп қалмау еді. Қазір бұл цехтан есіктер «Кремлевские двери» деген брендпен шығарылуда. Есіктердің сапасы өте жоғары. Оған қажетті құрал-жабдықтар, ағаштар тікелей Ресей мемлекетінен жеткізілуде», – дейді Григорий Повстянко.

Бұл цехтың коммерциялық директоры – Артур Пак. Оның айтуынша, мұнда есіктің 40 түрі әртүрлі дизайнда дайындалады екен. Серіктестік цех жұмысын жолға қою үшін өңірлік «Даму» қорынан несие алып, жұмысын бастаған.

– Цехтың атауын «Кремлевские двери» деп қоюымыздың өз себебі бар. Оны біз Ресейден көшірме түрінде алып, өңірде жолға қоюдамыз. Құрал-жабдықтарды да сол мемлекеттен жеткізудеміз. Таразда есік жасайтын цехтар баршылық. Бірақ оның көбінде кепілдігі жоқ. Бізге ағашы, басқа да жабдықтары тікелей Ресейден тасымалданып, осында құрастырылады. Бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді, – дейді ол.

Цехта тапсырыспен де есіктер дайындалады. Ол еуропалық стандартқа сай жасалып, кепілдікпен алушыға жеткізіледі. Тапсырыс берушілердің қалауымен есікті цех жұмысшылары орнатып беру қызметімен де айналысады. Егер тапсырыс беруші орнатылған есігін зақымдап, шынысын сындырып алса, серіктестік оны ауыстырып, бұзылған жерін қайта қалпына келтіру қызметін көрсетумен айналысады екен.

Кәсіпкер қазіргі Ресейге салынып жатқан шектеулер кәсіпорынның жұмысына да аздап салқынын тигізіп жатқанын жасырмады. «Өйткені олар Ресейден келетін шикізатқа тәуелді. Есікке жарамды берік ағаштар біздің республикада өсірілмейтін көрінеді. Дегенмен кәсіпкер Ресейдегі байланысын үзбей, қажетті шикізатты бірнеше айға жететіндей етіп жеткізіп алғанын айтты.

Цехтың шебері Сержан Есенбейев кәсіпорын ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді.

– Кәсіпті бірге бастадық. Тәжірибені Қытай мен Ресей елдеріндегі кәсіпорындарда шыңдап, мамандандық. Осында келгелі талай жасты үйретіп, олардың қол шеберлігін арттыруға күш салдым. Қолының ебі барлар жұмыс істеп кетті, – дейді ол.

Серіктестік директоры Григорий бар жұмысымен таныстырып, шығарып салып тұрғанда, алушы да келе қалды. Олардың да пікірін тыңдағанды жөн көрдік. Өзін Ертуған Нұршабаев деп таныстырған жігіт матрас алуға келіпті.

– Өзім жиһаз дүкенінде жұмыс істеймін. Осында тапсырыспен матрас тіктіріп, алып кетіп отырамыз. Серіктестіктің өніміне біздің дүкенде сұраныс көп. Айына 500-600 матрас өткіземіз. Сұраныс болған соң, бірге біраз жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз, – деді ол.

Серіктестік басшысы алдағы уақытта кәсібін бұдан да үлкейтіп, нарықта отандық өнім брендін жасауды мақсат етіп отыр.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 160
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 157
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 271
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 481
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 444

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9142
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8540
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11769
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9534
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10748