«Автобус» жол тәртібін бақылайды

«Автобус» жол тәртібін  бақылайды

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жолаушылар тасымалдайтын қалаішілік қоғамдық көліктердің жол үстіндегі қозғалысын ұдайы назарда ұстайды. 

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, 4-13 қазан аралығында ұйымдастырылған «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы осы мақсатқа бағытталды. Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері тарапынан тіркелетін жол-көлік апаттарының алдын алуды және апаттың жай-күйін талдауды көздеген іс-шара аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар анықталып, көлікті мас күйде басқаруға тыйым салынғаны жөнінде ескертілді. Сонымен қатар жолаушылардың өмірі үшін жауапты қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушілерден жол үстінде жылдамдықты арттырмау талап етілді. Рейд кезінде олардың жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тағуы, ұялы телефонды қолданбауы секілді жайттар тексерілді. 

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы алғашқы үш күнде 37 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған екі жүргізушіге, жолаушыларды, багажды автокөлікпен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс немесе ауысым алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығарған бір жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған екі жүргізуші, қоғамдық көліктің рөлінде отырып, ұялы телефонмен сөйлескен  он тұлға анықталған. Тағы жеті жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзып, өзге де жол жүрісі қағидалары бұзылған алты факті тіркелген.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840