Соңғы кездері ұлт патриоттарын мазалап, алаңдатып жүрген бір жайт бар. Ол – Ресейден біздің елімізге ағылып келіп жатқан орыстардың жайы. «Елге ел қосылса – құт» деп айтқанмен олардың келуінен зор қауіп бар. Ашаршылық, соғыс, репрессиядан қырылған қазақ халқы азшылыққа ұшырап, одан зор теперіш көрді. Әсіресе орыс тілі ұрпағымыздың жан дүниесін жаулап, олардың орысқұлға айналуына, сөйтіп өз ұлтынан тамыр үзуіне әкелді. Енді ғана көбейіп, кем-кетігімізді жөндеп, ең бастысы нағыз қазақ болуға ұмтылып жатқанда бұл оқиға шынында да қауіп илеуімізге мәжбүр етіп отыр.
Әзірге 560 мың келімсек келді деген қауесет қаулап тұр. Көп болмаса, аз емес. Тағы да Қазақияға олар миллиондап келуі әбден мүмкін. Билік бұған шара қолданып, ол көштің алдын кесу керек. Ал келгендерге талапты күшейтпесе болмайды. Яғни азаматтық алу үшін оларға уақыт белгілеп, мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге заң жүзінде талап етуіміз тиіс. Арнайы комиссия жасақтап бақылауды күшейт! Басқа жол жоқ. Егер осылай талап етсе, ол көш өзінен-өзі тоқтап, орыстар басқа жолды іздейтін болады.