Әзірбайжанда заңсыз автотұрақ иелеріне айыппұл салынады

Әзірбайжанда заңсыз автотұрақ иелеріне айыппұл салынады

   Әзірбайжан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізуге ұсынылған түзетулерде: «Әзірбайжанда мемлекеттік және муниципалдық автожолдарда ақылы тұрақ орындарын заңсыз ұйымдастырғаны үшін жаңа айыппұлдар енгізіледі», – деп жазылған. Жобаға сәйкес, мемлекеттік немесе муниципалдық жолдарда ақылы автотұрақтарды заңсыз жасағаны үшін жеке тұлғаларға 200 манат (120 доллар), лауазымды адамдарға 500 манат (295 доллар), заңды тұлғаларға 2 мың манат (1180 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, түзетулерде автотұрақ ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдың екі есеге ұлғаятыны да атап өтілген. Осылайша, мүгедектердің көліктеріне арналған тұрақтарға басқа көліктерді қойғаны үшін айыппұл 10 манаттан 20 манатқа (12 доллар) дейін көтерілді. Жаяу жүргіншілер жолында, сондай-ақ жолдың қиылысында және қиылысатын жолдың шетінен 5 метрден жақын жерде заңсыз тоқтау немесе көлік қою үшін 40 манат (24 доллар) көлемінде айыппұл салу ұсынылады. Тағы бір түзету  ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктерін тұраққа қою, сондай-ақ тұрақ орындарын брондау арқылы немесе кез келген басқа жолмен көлік құралдарын тегін қоюға жол бермеу үшін айыппұл 10 манаттан 20 манатқа (12 доллар) дейін көтерілді. Сонымен бірге, Әзірбайжанның «жол қозғалысы туралы» Заңына өзгерістер енгізу жобасында тұрақ ұзақтығы 48 сағаттан аспауы керек, бұл тұрақ ұзақтығын 24-тен 48 сағатқа дейін арттыру мүмкіндігін білдіреді делінген.  

Ермек САХАРИЕВ
26.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424