Күні кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановтың төрағалымен «Негізгі азық-түлік тауарлары, азық түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб» отырысы өтті. Отырысқа штаб мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Жиында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Әдіғали Абдразаховтың баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар штаб мүшелері тарапынан аталмыш мәселе талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы негізгі азық-түлік тауарлары, азық түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб ережесіне сай құрылған мониторингтік топтардың бөлінісімен таныстырып, ол топтардың аудан көлемінде айына бір рет бағалардың тұрақтылығын бақылап отыру және мониторингтік бақылаудың нәтижесін штаб отырысында баяндау керектігін тапсырды. Сондай-ақ азық-түлік бағасын қымбаттату жағдайы анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолдануды басты назарда ұстау керектігін ескертті.