Азық-түлік неге қымбаттап жатыр?

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр?

   «Азық-түлік бағасы неге қымбаттап жатыр?»— деген тура сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев: «Азық-түлік бағысы бізде ғана емес, бүкіл дүниежүзінде қымбаттап жатыр. ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мәліметі бойынша азық-түліктің әлемдік бағасы орта есеппен 33 пайызға өскен. Бұған екі негізгі себеп бар: оның біріншісі – ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті тауарлық-материалдық ресурстардың қымбаттауы болса, екіншісі – шекаралардың жабылуына және дүниежүзінде қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстардың бұзылуына әкеп соққан қазіргі пандемия жағдайы. Ауыл шаруашылығы үшін биыл бұрын-соңды болмаған қуаңшылық қиындық тудырды. Астық бағасы тоннасына 88 мыңнан 125 мың теңгеге дейін өскен. Бұл жұмыртқа құнының 70 пайызы. Құс шаруашылығына қажетті барлық басқа ресурстар, вакциналар қымбаттады. Бұл жұмыртқа бағасына әсер етпей қоймайды. Ауылшаруашылық өнеркәсіптің барлық саласында қымбаттау байқалады. Әрбір өндіруші сапасы жағынан да, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ұмтылуы керек. Әйтпесе, ашық шекара жағдайында, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында біздің өндірушілер бәсекеге төтеп бере алмай, ішкі азық-түлік нарығынан ығыстырылу қаупіне ұшырауы мүмкін. Негізгі жауап бүкіл тізбектің қымбаттауында жатыр. Биыл ауыр жыл болды, өзіндік құн өсіп жатыр, азық-түлік өндірушілер, ауылшаруашылық тауар өндірушілер де ақша табуы керек», — деген мәліметтерді алға тартып ақталды. Десе де, мұндай жауап қарапайым халтұтынушыларды қанағаттандырмасы анық. Қалың көпшілік: «Азық-түлік бағасын шекті мөлшерде ұстап тұра алмаса, ондай биліктің, министрліктің елге қанша қажеті бар? Қолынан іс келмесе, ондай лауазым иелері орындарын босатып, жағдайды түзеймін дегендерге жол ашпай ма?»— деген ойда. Бойында аз да болса ар-намыс жұрнағы  қалса, ондай әкім-қаралар ойланар, бәлкім... Бірақ, жылы орыннан кімнің айырылғысы келсін? Тағдырдың жазғанына көнеміз де, қайтеміз?...

Ермек САХАРИЕВ
29.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 244
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 377
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 609
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 551

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9254
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8650
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11877
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9648
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10859