БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ – САПАЛЫ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ – САПАЛЫ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

«Денсаулық – зор байлық», «Байлық – байлық емес, денсаулық – байлық» дейді атамыз қазақ. Осыдан-ақ денсаулық мәселесі қай заманда да құндылығын жоймағанын байқаймыз.  Елімізде де жылдан-жылға денсаулық сақтау саласына жіті назар аударылып, соңғы технологиямен жабдықталған құрал-жабдықтардың көптеп әкеліне бастауы – соның айғағы.  Денсаулық сақтау саласындағы қызмет те жандану үстінде.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және еліміздің медицина саласында МӘМС-тің енгізілуі нені өзгерте алатыны туралы PrimeMinister.kz-тің шолу материалында жазылды.

Медициналық ұйымдарды біріктіру және интеграциялау арқылы денсаулық сақтаудың мемлекеттік инфрақұрылымын оңтайландыруды жүргізу қарастырылған. Ұлттық деңгейде 2025 жылға дейін Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес денсаулық сақтаудың жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу ұйымдарын университет клиникаларына интеграциялау жүргізілетін болады. 

Жалпы, мемлекеттік инфрақұрылымды оңтайландыру аясында негізгі көңіл аурухана секторындағы тиімді пайдаланылмайтын ресурстарды босатуға және қайта бөлуге аударылатын болады, яғни тұрғындарға қажетті медициналық көмектерді (АМСК, оңалту, паллиативтік көмек т.б.), көрсету үшін емдеу-диагностика процестерін оңтайландыру, кейбір медициналық  қызметтерді орталықтандыру және орталықсыздандыру жүргізіледі.

Жаңа Мемлекеттік нормативте келесі өзгерістер қарастырылған:  Аудандық деңгейде амбулаторлық ұйымдар бойынша дәрігерлік амбулаториялар әрбір 1500 қызмет көрсетілетін тұрғын үшін ашылады (2000 адамның орнына). Қалған нысандар бойынша параметрлер сақталады. Аурухана секторы бойынша медициналық көмекті екі деңгейде: аудандық және ауданаралық ауруханаларда шоғырландыру қарастырылады. 

Мәселен, бірқатар аудандық ауруханалар базасында ауданаралық ауруханалар ұйымдастырылады, соның арқасында шағын бейінді арнайы медициналық көмек (урология, неврология) ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болады. 

Қалалық және облыстық деңгейлерде 1500 қызмет көрсетілетін тұрғыннан бастап жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі – ЖТД) учаскелерін ашу қарастырылған. БМСК орталықтарын ашу арқылы бірінші реттік торапты шағындауға ерекше көңіл бөлінеді. Аурухана ұйымдары деңгейінде кеңес беру-диагностика көмегі шоғырланады, арнайы орталықтар көпсалалы аурухана ұйымдарының базасында дамитын болады. 

Қуанарлық жаңалық, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның мақсаты – сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. 

Міндеттері: 

Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; 

медициналық көмектің сапасын арттыру; 

денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту 

Нысаналы индикаторлары:                         

2025 жылы: 

- азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі; 

- жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15,43 %-ға дейін төмендету; 

- аналар өлімін 100 мың тірі туғанға шаққанда 14,5-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша); 

- нәрестелер өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша).

Президент елімізде 4 мыңға жуық медицина  кадры жетіспейтінін жеткізді. Соның ішінде, облыс орталықтарында, әсіресе аудандар мен ауылдарда білікті дәрігерлер аз екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында денсаулық сақтау мәселесіне айрықша тоқталды. «...Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән беру қажет», – деді Мемлекет басшысы. Ол өз сөзінде кадр тапшылығының тағы бір себебі мамандардың шетелге кетуі екендігін баса атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын жоғары медициналық білімі бар мыңнан астам азамат өзге елге қоныс аударуда. Ал шетелде оқыған өз маманымыз оқуын Қазақстанда        жалғастырамын десе, алдынан түрлі кедергі шығады.

«Олар клиникалық тәжірибеден өткісі келсе де қиындыққа тап болады. Ұлыбритания мен АҚШ-тың әйгілі жоғары оқу орындарында білім алған жастарымыз аз емес. Солардың бірқатары елге оралған соң мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмағаны туралы мәліметтер де бар. Бұл дұрыс емес», – деді Президент.

Осы орайда, ол экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің белді оқу орындарында медициналық білім алған азаматтарымызға еш кедергі болмау қажеттігін айтып өтті. Олардың дәрігер болып жұмыс істеуіне рұқсат беру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажеттігіне де назар аударды.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 689
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 604
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 613

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363