БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
26-28 сәуір аралығында арнайы білім беру ұйымдары, психологиялық — медициналық — педагогикалық консультациялары (бұдан әрі -ПМПК) мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі -ППТК), Оңалту орталығының мамандары арасында «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік маманы» Республикалық педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға облыстағы 4 арнайы мектеп –интернаттың педагогтары, тәрбиешілері, сондай-ақ, ПМПК, ППТК және Оңалту орталығының мамандары қатысты. Жалпы саны – 29 адам.
Байқауда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Жамбыл облысы филиалы Кәсіби даму институтының, облыстық білім басқармасының, оқу-әдістемелік кабинетінің мамандарынан құрылған комиссия қазылық етіп, жеңімпаздарды жабық дауыс беру арқылы анықтады.
Жеңімпаздарды білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша: «Мейірім» мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Л.Абитжанова, «Болашақ» мектеп-интернатының арнайы маманы Д.Садықова, «Өркен» мектеп-интернатының тәрбиешісі М.Кушерова республикалық байқауға жолдама алса, ПМПК мамандарынан Меркі аудандық ПМПК-ның логопед-мұғалімі Н.Ерхожаева, ППТК мамандарынан Тараз қалалық ППТК-ның логопед-мұғалімі Ұ.Байкеева республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Сондай-ақ, «Үздік сабақ», «Арнайы педагогтың үздік әдістемелік кейсі», «Мүмкіндігі шектеулі баланың ең үздік Жеке даму бағдарламасы», «Арнайы педагогтың үздік бейне-визиткасы» т.б. номинациялар бойынша 10 педагог түрлі дәрежедегі дипломдарды иеленсе, 14 маман байқауға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
 
Жамбыл облысының білім басқармасы
29.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5273
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5433
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20396
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19031
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22496