Байзақ ауданында алғаш рет Республика деңгейіндегі «Кітап-Amanat» кітап орталығы ашылды

Байзақ ауданында алғаш рет Республика деңгейіндегі «Кітап-Amanat» кітап орталығы ашылды
Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір, яғни руханият ордасының ашылу салтанатына «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов пен орынбасары Алмас Ахметбекұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлы, жазушы-драматург Елен Әлімжан ағамыз бен өңірдің зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.
🔰Жиында «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов оқырмандарға есігін жаңадан ашқан «Кітап-Amanat» кітап орталығы тек кітап сататын орын емес, сонымен қатар нағыз мәдени-ағарту орталығына айналуы тиіс екенін жеткізді.
🔰Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президенті Әділ Қойтанов осыған дейін автор, баспахана, кітап дүкендері мен кітапхана арасындағы байланыс үзіліп қалғанын тілге тиек етіп, «Amanat» партиясының «Кітап-Amanat» жобасы осы олқылықтың орнын толтырып жатқанына тоқталды.
🔰Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығының президентінің орынбасары Алмас Ахметбекұлы бүгінгі қоғамда барлық дүниенің саудасы қызып тұрғанымен кітап саудасы мүлде жоқ екенін өкінішпен атап өтті.
🔰Өз кезегінде жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақындар Үміт Битенова мен Қасқырбай Нарбатыров бұл бастамасының оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болатынына үлкен сенім білдіріп, руханият ордасына айналғалы тұрған кітап орталығымыздың алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ал, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлы «Кітап-Amanat» жобасының тиімді тұстарын атай келе, өзінің «Кітап» өлеңін тебірене оқып берді.
🔰Айта кетейік, «Кітап-Amanat» кітап орталығы тек кітап сататын орын емес, сонымен қатар нағыз мәдени-ағарту орталығына айналмақ. Ол үшін партия облыстық филиалы барынша жұмыс жасап, алдағы уақытта орталықта отандық жазушылар, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылауларын ұйымдастыратын болады.
Amanat партиясы Жамбыл облыстық филиалы
01.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565