Балалар жаңа ғимаратқа көшті

Балалар жаңа ғимаратқа көшті

Бұрын ой-өрісі дамуында кінәраттары бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін психоневрологиялық орталықтың орналасқан жері  ата-аналарға қолайсыз еді. Яғни бұған дейін Павлодар өнеркәсіптік аймағында жұмыс істеп келген болса, енді ол қаланың орталығына жақындап қайта қоныстанды. 

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов балалар психоневрологиялық орталығының ұжымымен кездесті. Орталықты жаңа ғимаратқа көшіру мәселесін балалардың ата-аналары да, мекеме  қызметкерлері де көптен сұрап жүрген еді. Жаңа ғимаратта ойын бөлмесі, мамандарға арналған жеке кабинеттер, сыйымдылығы кең асхана және медициналық блок қарастырылған. 

 – Үш жылдан бері менің ұлым осы орталықта денсаулығына қажетті ем алып келеді. Осы уақыт ішінде басқа ата-аналармен және орталық       қызметкерлерімен бірге көп жетістікке жеттік. Тәуелсіздік күніне орай жаңа ғимаратқа ие болуы бәріміз үшін үлкен сый болды. Енді бізге орталыққа жету бұрынғыдан да әлдеқайда ыңғайлы, – деп атап өтті ерекше баланың анасы Ольга Копущу. 

 Аймақ басшысы ерекше қажеттіліктері бар балаларға барлық жағдай жасалатынына уәде берді. Оңалту және медициналық-әлеуметтік көмек қажет болған адамдарға қолдау көрсету мәселелері біз үшін бәрінен маңызды. Мүгедектерге арналған ірі оңалту орталығын салу, Лермонтов көшесінде жұмыс істейтін балаларды оңалту орталығын және аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған орталықты кеңейту жоспарда бар. Біз ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылардың қандай қиындықтарға тап болатынын түсінеміз және оларға көмектесуге дайынбыз, – деп Әбілқайыр Сқақов.

Бүгінде балалар психоневрологиялық орталығының стационарында 50 жеткіншек тұрақты ем қабылдайды. Тағы 20 бала медициналық-әлеуметтік мекеменің күндізгі бөліміне барады. 

23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803