«Балалар жылындағы» басты шаралар

«Балалар жылындағы» басты шаралар

Мемлекет басшысының шешімімен 2022 жыл Қазақстанда «Балалар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Сондықтан биыл елімізде балаларға арналған түрлі іс-шаралар мен білім беру саласына қатысты жаңалықтар көптеп өтіп жатыр. Кезекті Үкімет отырысында министр Дәурен Абаев толыққанды мәлімет берді. 

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды » Қармақшы таңы«Мәдениет және спорт министрлігі «Балалар жылын» өткізу аясында барлық тапсырмалар мен міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Барлық іс-шаралар сапалы және қолжетімді білім беруді, толыққанды шығармашылық дамуды қамтамасыз етуге, балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Мәдениет саласында 1 миллионнан астам баланы қамтитын ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр», – деді министр мырза.

«Мысалы, «Ұлағатты ұрпақ», «Оқушының мәдени нормативі» сияқты жобалар, «Дана бала» балалар әдебиетінің веб-сайты іске қосылды (www.danabala.kz), ол қазақстандық авторлардың 100-ден астам толық мәтінді кітаптарымен толықтырылған. Жыл соңына дейін оған 5000-нан астам кітап орналастырылады. Сондай-ақ, «Таланттар біздің арамызда» республикалық балалар шығармашылығының фестиваль-көрмесі, «Әжемнің ертегілері» онлайн-жобасы іске асырылуда, «Мейірім» балалар шығармашылығының инклюзивті мұражай фестивалі өткізілді. Сонымен қатар 1 маусымға дейін қабылданған бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Біз халық арасында, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеміз. Соның ішінде, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ерекше қамтылып отыр. Мектеп жасындағы оқушылардың (3,4 млн оқушы) 2 млн-ы (61,4 %) дене шынықтырумен, спортпен қамтылған. Министрдің айтуынша, республикамызда  балалар мен жасөспірімдердің  652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар, ондағы балалар мен жасөспірімдердің саны 200 мыңнан асады.

Бұл бағытта да бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» атты бағдарлама жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама мектеп жасындағы 2,7 миллионнан астам баланы қамтыды. Сондай-ақ, жергілікті атқару органдарымен бірігіп, спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесі әзірленді. Ол 113 жаңа нысан салу, 21 нысанды жетілдіру және 6 ірі нысанды қосымша жабдықтаудан тұрады. Азаматтарымыздың демалысқа жұмсайтын шығынын азайту және ішкі туризмді насихаттау мақсатында Kids Go Free – балалар әуе билетін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы  күшіне енді. Балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді дамыту мен насихаттау бойынша жұмыстар жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүргізілуде. Мысалы, Алматы облысында 300 баланы қамтитын, тау және жаяу жүру туризміне арналған «Жоңғария» республикалық туриадасын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл шілде айында Ақмола облысында Ресей Федерациясының этникалық қазақтарынан тұратын 250-ден аса мектеп оқушысына арналған «Айналайын, Атамекен!» турын өткізу жоспарланған. Ал жаз айларында балалар археологиясы бойынша жобалар, «Ауылдағы апта», Summer school әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылып, 2000-ға жуық баланы қамту көзделіп отыр», – деді Дәурен Абаев.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650