Оралда қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Жас қыран» балалар аула клубының ұйымдастыруымен «Төрлет, құтты жыл, Жаңа жыл!» атты мерекелік бағдарлама өтті.
Балалар жылы аясындағы жаңажылдық кеш ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға,балалар аула клубтары мен комьюнити орталықтардың тәрбиеленушілеріне арналды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени-ағарту бірлестігі директорының орынбасары Бекей Қанатов атап өткендей, мерекелік іс-шарада «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» күндізгі жартылай стационар бөлімшесінің қызмет алушылары, БҚО-дағы мүгедек балалардың«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің, облыстық білім басқармасының есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының және «Жас қыран», «Алау», «Әйгерім», «Шабыт» балалар аула клубтары мен «Балауса», «Өркен» комьюнити орталықтарының тәрбиеленушілері өнер көрсеткен.
Бірлестік ұжымы жаңажылдық шырша тойына демеушілік жасап, балдырғандарды қуантқан Д.Сариев, А.Протасовқа және ата-ана Клара ханым секілді жаны жомарт жерлестерімізге ризашылықтарын білдірді.