Баламызды Ресейде оқытуға неге құмармыз?

Баламызды Ресейде оқытуға неге құмармыз?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында еліміздің білім жүйесінің, әсіресе «Болашақ» бағдарламасы бағытының өзгеретінін жария етті. «Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз», – деді Президент. Сондай-ақ Қ. Тоқаев қазақ жастары технарь болуға тиіс екенін ескерте отырып, Үкіметке бұл мәселелерді егжей-тегжей пысықтауды тапсырған болатын.

Алайда Мемлекет басшысының жастарды Ресейде оқытамыз деген пікірі әлеуметтік желілерде қатты сынға қалды. Facebook қолданушы белсенділердің көбі жастардың орысша білім алуы ұлтқа қауіпті деген пікірде. Гүлшат Бақытжан атты желі қолданушы «Болашақпен де, онсыз да Ресей грантына түсіп те жастарымыз ол жақта оқып жатыр. Ал арнайы қаржыны Еуропа тұрғанда Ресейге бағыттау қате. Біріншіден, бұндай шешімдер жоғарыдан төмен түсірілмеуі керек. Қандай зерттеу жасалды, ненің негізінде осы шешім шығарылды? Бұл тағы да кеңестік үлгіде, «қойып қалу» стиліндегі шешім. Мұның ар жағында қандай контекст тұр? Бізде көршімен экономикалық одақ бар (ол бізге тиімсіз екені дәлелденіп жатыр), одан бөлек egov туралы шу болды, тағы атом станциялары туралы қаттырақ айтылып басталды. Бұл макро деңгейдегі контекстің аясын алып қарасақ, енді білімді (тіпті техникалық болсын, өйткені посткеңестік елдерде гуманитарий баяғыда өліп қалғаны белгілі факт) содан аламыз дегенінде идеологиялық астар бар емей немене? Референдумға салған дұрыс мұндай шешімдерді. Немесе эксперттік ғылыми орталықтар зерттеу жүргізіп негіздесін. Жоғарыдан айтылды болды деп кете беруге болмайды енді. Адамдар не үшін өлді, Қаңтарда? Осындай жоғарыдан төмен қойып қалатын кеңестік менеджменттен шаршағаннан болды. 

PS: Ресей оқытқысы кеп қатты көңілі түссе тек тегін оқытсын, грантпен. Ал ақшаға тек Еуропа білімін сатып оқимыз. Бізге тиімдісі сол» деген пікірімен бөлісті. 

Сондай-ақ желі қолданушылары арасында Ресей білімінен қашудың, қорқудың қажеті жоқ  дейтіндер де бар. 

Шындығында білімде шекара жоқ деген  халықпыз. Бірақ дәл қазіргі Қазақстан жағдайында оқу-білім саласында Ресейге басымдық берудің қаупі зор. Өйткені елімізде әлі күнге  дейін ұлттық білім беру жүйесі қалыптасқан жоқ. 

Ар-ождан, намыс қағидасы да әдірем қалған. Басқасын айтпағанның өзінде астана мектептерінің басым көпшілігі аралас мектептер. Қазақ ата-аналары балаларын орыс және аралас мектептерде оқытуға әуес. Жақында ғана ашылған BINOM мектебіне баламды ауыстырып жүріп, өзім куә болған бір ғана мысалды айтсам, мемлекет балалардың қазақша білім алуына ерекше мән беруі керектігін аңғарамыз. BINOM мектебінің табалдырығын аттағанда қазақ сыныбына бөлініп кеткен баласын орыс сыныбына ауыстырғысы келіп жанталасып жүрген ата-аналардың өте көп екеніне көзім жетті. «Қазақ бола тұра неге орыс сыныбының көбеюіне мүдделі болып отырсыз?» деген сұрағыма, «Мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу үшін балаға орыс тілінің қаншалықты қажет екенін көріп-біліп отырып, балам патриот болсын деп қазақ сыныбында оқыта алмаймын. Сыртқа шықса да қазір айнала ортасы, қоғам орысша пікір алмасады. Балама өз тарапымнан тілдік қысым жасай алмаймын» деген жауап алғанымды айтқым келеді. Иә, қоғам, айнала орта орысша «сайрап» тұрғанда қазақ балаларына үнемі қазақша сөйле деп ата-аналар тарапынан үнемі ескерту айтылуының өзі психикалық қысым екенін ұмытпау керек. Психикалық қысымда болған бала болашағынан үміттенуден жалыға бастайды. Сондықтан балаларымыз үшін «тал бесіктен жер бесікке жеткенше» қазақша өмір сүре алатын орта қалыптастыру маңызды. Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бекерден бекер шырылдамағанын ұмытпайық. «Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді» деген Мұстафа Шоқайдан әулие емес шығармыз.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509